"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Әлия музейінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының батыр қыздары Ә.Молдағұлованың, Х.Маманованың құрметіне, М.Мәметова мен Халық қаһарманы Х. Доспанованың 95 жылдығына арналған қалалық жас туристер

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Әлия музейінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының батыр қыздары Ә.Молдағұлованың, Х.Маманованың құрметіне, М.Мәметова мен Халық қаһарманы Х. Доспанованың 95 жылдығына арналған қалалық жас туристер стансасы үйірме оқушыларының қатысуымен «Қазақ халқының батыр қыздарының өшпес ерлігі» атты патриоттық сайыс өтті.

Мақсаты: Соғыстың ауыр жылдарында тек тылда ғана емес сонымен бірге майданның алғы шебінде ерлермен бірге жаумен шайқасқан батыр аруларымыздың ерлігін ел есінде жаңғырту, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сайысқа 50-ге жуық оқушы қатысты.
І орын – «Мерген Әлия» тобы «Турист әліппесі» үйірмесі
ІІ орын – «Қанатты қыз Хиуаз» тобы «Атамекен» үйірмесі
ІІІ орын – «Батыр Мәншүк» тобы Атамекен үйірмесі және «Ақ халатты абзал жан Халида» тобы «Жас турист ұйымдастырушы үйірмесі.