"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Қалалық жас туристер стациясы

Қысқы каникул кезінде 5-қаңтар күні Қалалық жас туристер стансасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №39 орта мектеп оқушыларына «Арайлы Ақтөбе – туған өлкем» айдарымен шолу экскурсиясы ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушылардың каникул кезіндегі бос уақытын ұйымдастыру, өз өлкесінің тарихи ескерткіштерімен танысу, патриоттық тәрбие беру. Экскурсия барысында Ә.Молдағұлованың облыстық-мемориалдық музейін тамашалап,  Ә.Молдағұлованың мемориалдық кешенінің тарихымен танысып үлкен әсер алып қайтты.