"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Туристік-өлкетану қызметі білім мен тәрбиенің басты құралы» қалалық семинары

2018 жылы 13 ақпан күні қалалық жас туристер стансасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептердің өлкетану, музей қызметіне жауапты мамандары және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған «Туристік-өлкетану қызметі білім мен тәрбиенің басты құралы»  қалалық әдістемелік семинары өтті.

Семинардың негізгі мақсаты –- туристік-өлкетану жұмыстарының белсенді ұйымдастыру түрлерін арттыру, педагогтердің белсенді  өзара қатынасын  білім процесіндегі оқушылардың зерттеу қызметіне  және оны практика жұмысына енгізуді ұйымдастыру, мектептердегі музей жұмысын жандандыру болып табылады.

Семинардың теориялық  бөлімінде қатысушылар арнайы шақырылған музей қызметкерлерімен, өлкетану маманы бойынша кандидат, доценттермен туристік - өлкетану жұмыстарының оқушыларға деген патриоттық тәрбие берудегі маңыздылығы талқыланып барлық білім беру мекемелерінде музей болуының қажеттілігі  және осы жұмыстардың түрлерін арттыру бойынша тәжірибе алмасты. Практикалық бөлімінде қосымша білім беру педагогтары топтық жұмыстар мен іскерлік ойындар ұйымдастырды. Сонымен қатар № 15 орта мектебінде орналасқан жаңа цифрлық форматта жасалған «Рухани жаңғыру» бұрышымен танысып, «Жұбановтар әлемі» музейін тамашалап, «Ару қала – Ақтөбе!» айдарымен қаламыздың көрікті жерлері бойынша шолу экскурсиясы жүргізілді.

Семинар қорытындыланып, қатысушыларға қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы атынан  сертификаттар табысталды.

Қатысушылар семинардан алған әсерлерін сауалнамаға жазып қалдырды және өлкетану жұмыстарын жүргізудің, мектеп музейлерін жабдықтаудың әдіс-тәсілдерін үйреніп ерекше шабыт алды.