"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

«Туризм арулары – 2018» спорттық туризм техникасы бойынша қалалық жарысының ақпараты

3.03.2018ж. Қалалық жас туристер стансасы "Бақытты бала" жобасы аясында жəне 8 наурыз Халықаралық əйелдер күніне орай "Туризм арулары-2018" спорттық туризм техникасы бойынша қалалық жарыс өткізді.

Мақсаты: қыз балалар арасында белсенді туризмді дамыту, спорттық-туристік шеберліктерін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыс: туристік түйіндерді байлау, топографиялық шартты белгілерді анықтау, алғашқы дəрігерге дейінгі көмек көрсету, өлкетану сұрақтарына жауап беру, шатырды жинау, жол кедергілерінен өту, жасанды шыңға өрмелеу кезеңдерінен тұрды. Жеңімпаздар қалалық білім бөлімі, ғылыми-əдістемелік орталығының дипломдарымен жəне кубоктармен марапатталды. Нəтежесінде І орын №60 ЖББОМ, ІІ орын №47 ОМ, ІІІ орын №28 ОМ жəне №1 ОМ командалары иеленді.