"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Қалалық жас туристер стансасы 2021 жылдың 16 қараша күні қосымша білім беру педагогтарына «Туристік-өлкетану жұмысын білім беру процесінде ұйымдастыру» оқыту семинарын өткізді.

«Туристік-өлкетану жұмысын білім беру процесінде ұйымдастыру» оқыту семинарының

АҚПАРАТЫ

Қалалық жас туристер стансасы 2021 жылдың 16 қараша күні қосымша білім беру педагогтарына «Туристік-өлкетану жұмысын білім беру процесінде ұйымдастыру» оқыту семинарын өткізді.

Мақсаты: туристік-өлкетану жұмыстарының белсенді ұйымдастыру түрлерін дамыту, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және теориялық білім деңгейін артыру, спорттық-туристік шеберліктің әдістерін меңгерту.

Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Теориялық бөлімде қосымша білім беру педагогтары Үмбетияр Әлиянұр Зайроллақызы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай «Ұлы даланың дара ұстазы – Ыбырай Алтынсарин»» тақырыбында, Мерекеева Айжан Байғалиқызы Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына орай «Қазақтың тұңғыш дерижері - Ахмет Жұбанов» тақырыбында баяндама оқыды.

Практикалық бөлімде педогог-ұйымдастырушы Нұрмағанбет Нұржан Жалғасбайұлы «Жарыстар мен жорықтарда пайдаланылатын туристік құжаттар», Мұсағалиева Перизат Жеткергенқызы «Оқыту мен оқудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер»  тақырыптарында практикалық сабақтар өткізді.  

Семинар барысында қосымша білім беру педагогтары Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Жұбанов туралы тың материалдармен таныстырылып, жарыстар мен жорықтарда қолданылатын құжаттар, үйірме сабақтарында пайдаланылатын түрлі әдіс-тәсілдер туралы көптеген мағлұмат берілді.

 

Қалаллық жас туристер стансасының бөлім меңгерушісі Ж. Мамбетниязова