"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жанындағы "Қалалық жас туристер стансасы" МКҚК

Акпарат туған өлкеге саяхат

Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Туған өлкеге саяхат»

облыстық танымдық байқауының

АҚПАРАТЫ

2021 жылдың 23 қарашасы күні Қалалық жас туристер стансасы мен «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Туған өлкеге саяхат» облыстық танымдық байқауы өткізілді.  

Танымдық байқаудың мақсаты: өз өлкесіне деген сүйіспеншіліктерін, патриоттық сезімдерін арттыру, туған жерінің тарихын, мәдениетін танып білуге, белгілі қайраткерлерін құрметтеп, ізденуге баулу.

Байқауға аудан, қала мектептері және мектептен тыс мекемелерден қатысушылар саны 34 оқушы. Облыстық байқау екі номинациядан тұрды.

«Туған өлкем - Ақтөбе»  мәнерлеп оқу номинациясы бойынша  қатысқан 22 оқушы өз өлкесі туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, 1-2  минуттық бейнематериал түсіріп жіберді. Бұл номинация бойынша: І орын - Горбенко Арина №25 ОМ, Ахметжанқызы Ақжан Қалалық жас туристер стансасы, Сәуірбаев Дәурен Ойыл ауданы. ІІ орын - Амангелдиева Дана Алға ауданы, Бахытқали Аруна ақтөбе қаласы Балалар шығармашылық үйі, Өтебалина Наргиза Ақтөбе қаласы Қалалық жас туристер стансасы, Әбдікемалова Шырайлым Ақтөбе қаласы Қалалық жас туристер стансасы.

ІІІ орын - Аманғалиқызы Айнұр Ақтөбе қаласы №21 МГ, Федоровская Анэля Ақтөбе қаласы №25 ОМ, Елубай Фариза Әйтеке би ауданы, Марат Жаным Ақтөбе қаласы Қалалық жас туристер стансасы, Сапарғали Ақтөбе қаласы Аруназ №61 ОМ.

 «Тарихыңды таны – тұлғаңды құрметте» альбом байқауына қатысқан 12 оқушы берілген тапсырма бойынша тұлғаның портретін және альбомын жасады. Бұл номинация бойынша: І орын - Төремұратова Айназ, Альбекова Наргиза Ақтөбе қаласы Қалалық жас туристер стансасы, Кеңес Альбина Ойыл ауданы. ІІ орын - Шакимаратова Гүлім, Мәлік Арайлым Әйтеке би ауданы, Елубай Фариза, Сағадатқызы Әсем Әйтеке би ауданы. ІІІ орын – Уралбаева Амина Ақтөбе қаласы №19 ОМ, Жақсылық Гаухар Ақтөбе қаласы №21 МГ, Гибадуллина Альбина Ақтөбе қаласы №61 ОМ.

Әділ қазылар жүлдегерлерді анықтау барысында өлеңнің мазмұнына, айту мәнеріне, шебер сапалы орындалуына, жасалған альбомдардың идеясының ерекшелігіне, рәсімделуіне үлкен мән берді. Осындай бағытта тәлім-тәрбие алған, байқауға қатысқан оқушылар елі мен жерінің тарихын білуде, насихаттауда және құрметтеуде бейтарап қалмайды деген сенімдеміз.

Байқау нәтижесі бойынша жүлделі орын иегерлері Ақтөбе қалалық жас туристер стансасы және «Халықаралық педагогикалық шығармашылық пен ғылымның дамуын қолдау қоры» қоғамдық қоры атынан дипломдар мен мадақтамалармен марапатталды.

 

Қалалық жас туристер стансасының бөлім меңгерушісі  

Мамбетниязова Жемисгуль Карагуловна